Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 03

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 03

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Жұмат Шанинмен Қоянды жәрмеңкесі табыстырған Елубай Өмірзақов пен Қалеки Қуанышбаевтар театр құру ісінде 3-4 жылдан жалақы алмай жұмыс жасаған екен. Отбасын асырау, жан бағу үшін күндіз қара жұмыс жасап, кешғұрым театрмен айналысқан. Сондай қиын күндері Жұмат Шанин достарына сыбырлап, «жігіттер, ақша арылтыңдар. Бір малақай болса да театрымызға алайық» дер екен. Өйткені, театрға керек-жарақ беруге ешкім құлықты емес. Сол заманның тілімен айтқанда бай-құлақтар кәмпескеленіп жатқан уақыт. Байлардың дүние мүлкі, киім кешегі тәркіленген. Жұмат Шанин «ақыры қоймада жатыр ғой, театрға үлес беріңдер» деп барып, талай рет жылап қайтыпты. Театрға киім жетпегендіктен бір тұмақты түрліше киген уақыттар болыпты.

Ел ішінде дарындылар көп дегенімен театр мәдениетін меңгергендер жоқтың қасы. Бір пьессада жас жігітке молданың ролін ойнау тапсырылады. Бір көріністе әлгі молда жігіт дәрет алу керек. Асып-сасқан жас жігіт көрермендердің көз алдында шалбарын сыпырып тастап, сылпылдатып дәрет алады.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан» (мақаладан үзінді)

Пікір жазу