Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Возможно, это изображение (2 человека)
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліснің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Түркістан облысының, Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының Құрметті азаматы Әбілқасым Үсіпбайұлы Досболовпен канвассинг кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз қозғалды.
Кездесуде Әбілқасым Үсіпбайұлы ауыл шаруашылығына қатысты шешімін таппай келген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның айтуынша, қымбатшылыққа ұрынған халық ет алуды қойыған. Қазақ ежелден мал баққан ел. Төрт-түлігін төлдетіп отырған ауыл-аймақ көп. Мал көбейіп келеді дегенімізбен, базардағы баға ырыққа көнбей тұр. Әсіресе, ет бағасы шарықтап кеткен. Соңғы кездері қарасақ, тек қана бағаның өсу тенденциясы байқалуда. Жанар-жағармай қымбат. Жем-шөп те жетіспейді. Тіпті өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмаймыз. Көптеген қиыншылықтар кездесіп жатады. Соның салдарынан мұның барлығы түптеп келгенде тұтынушы қалтасын қағады, – деді Әбілқасым Үсіпбайұлы.
Берік Айдарбекұлы айтылған мәселелер Nur Otan партиясы назарына алынғанын, шешу жолында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу