Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 04

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 04

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Ел ішінде дарындылар көп дегенімен театр мәдениетін меңгергендер жоқтың қасы. Бір пьесада жас жігітке молданың рөлін ойнау тапсырылады. Бір көріністе әлгі молда жігіт дәрет алу керек. Асып-сасқан жас жігіт көрермендердің көз алдында шалбарын сыпырып тастап, сылпылдатып дәрет алады.

Қатты қорланған Жұмат аға үш күн төсек тартып жатып қалыпты. Өмірзақ пен Қалекиге «театр – деген үлкен мәдениет, қазақтың кісілік келбеті, рухани қайнары. Елді әдемілікке тәрбиелеу үшін өте мәдениетті ойнаңдар» деген екен.

Ең ауыр оқиға Мәскеуге алғаш барған этнографиялық сапарда болады. Ол кезде Жұмат Шаниннің Жанбике деген арумен шаңырақ көтерген кезі. Сөз реті келгенде айта кетейік, Жанбике Шанина – қазақтың алғашқы әйел артискасы. Пойызда келе жатқанда Жұмат пен Жанбикенің шақалағы Аян ауырып, қайтыс болады.

Сонда Жұмат аға «жігіттер, болар іс болды. Баласы өліп, қаралы болып келе жатқан труппаны Мәскеу қабылдамай қояр. Не болса да білдірмейік» дейді. Жанбике өлі шақалағын құшақтап Мәскеуге жетеді. Үш күн жерленбеген нәрестені ертеңінде Мәскеудегі татар моласына апарып, жер қойнауына тапсырады.

Қойылым кезінде екі омырауы сыздаған Жанбике ана, шерлі ана рөлде ойнап шығады. Мәскеуліктер қазақ өнеріне үлкен қошемет көрсетеді.

Не деген қатал тағдыр. Қанша жерден «өнер құрбандықсыз болмайды» дегенімен Жұмат Шаниннің кесігі – қазақ өнерін таныту жолындағы өшпес ерлік өнегесі ғой. Жүрегі тас емес, жарылып кете жаздаған шығар.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан» (мақаладан үзінді)

Пікір жазу