Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет

Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет

Возможно, это изображение (1 человек, сидит, стоит и в помещении)
Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің ұжымына жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бо¬йынша қабылданған шаралармен ақпараттандыру бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев қатысты.
Возможно, это изображение (стол и в помещении)
Семинарда жасалған хабарламаларда еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ ұйымдарын ашу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі мәселелер қозғалды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу