Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Возможно, это изображение (1 человек и стоит)
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласындағы барлық мектептің алдында Ювеналды полиция қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында үш ауысымды кезекшілікке тұрады.
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят, люди гуляют и дорога)
Учаскелік полиция инспекторлары мен мектеп мұғалімдері үшін мектеп тарапынан тағайындалған қоғамдық инспекторларға балаларды жаяу жүргінші жолағынан өту кезінде негізгі жол ережелерін бұзбау жөнінде арнайы нұсқаулар мен практикалық сабақтар жүргізіледі.
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят, дорога и улица)
Сондай-ақ мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, криминогендік ахуалдың өршуіне жол бермеу туралы айтылады. Жолға жақын орналасқан білім беру мектептерінің аумағында жол желісінің жай-күйі, оның ішінде жол белгілерінің орналасуы, реттеу таңбалары мен құралдардың сапасына ерекше назар аударылады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу