Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтадыБұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімніңәскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”, – делінген. Сондай-ақ, жарылыс кезіндп ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған: “Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдадыСіздердің қайғыларыңызға ортақпыз”.

© Түркітілдес Журналистер қоры

Пікір жазу