Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН!

БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН!

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді

Ғасырлар бойы өзара сенім мен қолдаудың арқасында екі ел арасында қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа Алмазбек Атамбаевтың сайлаудың буымен айтылған әңгімесіне бола сызат түспейтініне сенімім мол. Мұны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та өз мәлімдемесінде нық айтқан болатын.

Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттіп отырмыз. Сондықтан, қарым-қатынасымыздың үлкен тарихы, болашағы бар, әрі қарай да екі ел арасындағы ынтымақтастық дами беретініне сенімдімін.

Әрине, Атамбаевтың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтінін екі елдің халқы да біліп отыр. Халықаралық қауымдастық та Қазақстанның жеткен жетістіктерін мойындайды. Бірінші желтоқсаннан бастап бауырлас бұл елді басқа адам басқарады. Одан соң қарым-қатынастарымыздың ретке келетініне еш күмәнім жоқ. Лайым солай болсын!..

Бациев Хасан Шаевич,
ОҚО «Вайнах» шешен-ингуш мәдени қоғамдық орталығы төрағасының орынбасары

Пікір жазу