Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖАСТАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

ЖАСТАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Возможно, это изображение (2 человека, в том числе Жасмин Ашимова, люди сидят и в помещении)
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысы және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өткізілді.
Жастар кеңесіне қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ерлан Альжанов, ауданның белсенді жастары және жастар кеңесінің өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение (5 человек, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Орталықтың жұмыс барысымен танысып болған соң, жастар кеңесі бойынша «Ерікті жастарға арналған мейірім порталының қызметін ұйымдастыру туралы» баяндама оқылды. Сондай-ақ «Саябақтағы кешкі уақыт» тақырыбында жастар көп шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу, аулаларда салынып жатқан спорт алаңшаларының төбесін жабу, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын MMA, бокс, кикбоксинг және т.б спорт түрлеріне тегін қатысуына жағдай жасау секілді ұсыныстар айтылды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу