Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » TEDx ФОРМАТЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

TEDx ФОРМАТЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET категориясы)» жобасы аясында TEDx форматындағы кездесу өтті.
Іс-шараның спикерлері ретінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, «Отау-Строй» ЖШС-ның бас директоры Алимбек Аслан, «Байдың балалары» командасының жетекшісі Нұрым Досбол, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Integra Construction KZ» ЖШС-ның директоры Аширбаев Батырбек, «МОК» агенттігінің директоры Олжас Мамыр, «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исахов Мағжан қатысты.
Кездесу барысында Кездесу барысында спикерлер Қазақстандық экономика үшін өзекті болашақ жаңа мамандықтар және жұмыс берушілерге қандай мамандар қажеттігі, жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігі туралы; Арт, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі туралы; еңбек нарығы мен жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкерге қажетті дағдылар және т. б. туралы айтты.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы өз сөзінде, Қазақстанда жастарды жұмыспен қамту мәселесі жақсарып келеді. Жастардың аталған буынымен кешенді жұмысты тоқтатпау қажет. Осы ретте, 2025 жылға дейінгі Жастар – Отанға! жол картасы аясындада мәселені шешу көзделген. Бірақ бұл мемлекеттің ғана шешуі керек мәселесі емес екенін түсінген абзал. Салауатты қоғам құру үшін әрбір саналы азаматтың үлес қосқаны қажет екендігін атап өтті
Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеяларды тарату мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының үлкен мәжіліс залында өтті.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.

© Didarbek.kz

Пікір жазу