Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 12 АЗАМАТ КӨТЕРМЕЛЕНДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 12 АЗАМАТ КӨТЕРМЕЛЕНДІ

ШЫМКЕНТ: CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.
Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 12 тұлға көтермеленді. Олардың сыйақы мөлшері 2 млн. теңгеден астам соманы құраған.
Сондай-ақ, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.
Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу