Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ресми » АЙҚЫН МАҚСАТТАР МЕН НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

АЙҚЫН МАҚСАТТАР МЕН НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 54-тармақтың орындалуына бақылау жұмыстарын жүргіздім.

Яғни қаланың тарихи және сакралды нысандарының жағдайымен таныстым.
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін Жол картасында көрсетілген қасиетті орындар мен кесенелерге толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.


Бүгінгі күннің өзінде «Қызыр пайғамбар» кесенесіне 15млн қаржы бөлініп, жаңа тақтайшалар орналастырылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, жаңа орындықтармен жабдықталған. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қарашаш ана кесенесінде QR-код бейнеленген ерекше тақтайша орнатылған екен. Анықтап айтқанда, іzi.TRAVEL — мұражайларда, тарихи нысандарда серуендеу кезінде пайдаланатын аудио нұсқаулықтар бар қосымша. Тақтайшада көрсетілген QR-код арқылы аталмыш нысан жайлы ақпарат алуға болады. Қызықты әңгімелер қаланың мәдениеті мен тарихын жақсы түсінуге көмектеседі.

Алдағы жылы Шымкентіміздің тарихи және сакралды нысандары толық жөндеу және реставрациялық жұмыстардан өтеді.

Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы
Мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Пікір жазу