Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ


Даму бағдарламасында білім саласына бір көрсеткіш белгіленген:
— АПАТТЫ ЖӘНЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫН АЗАЙТУ.
Жоспар – 13
Нақты – 9.
Атқарылған жұмыстар:
Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары төмендегі мәселелерді шешуді қамтыған.
Апатты және үш ауысымды мектептерді жою жұмыстары.
Есептік кезеңде тіркелген апатты мектептер саны – 1 (№79 жом), үш ауысымды мектептер саны – 14 (№1, 9, 38, 42, 45, 46, 47, 50, 53, 55, 58, 65, 72, 115 жом) құраған.
Ағымдағы жылы салынған мектептер есебінен:
Апатты: 2021 жылы №79 мектепке 600 орындық жеке инвесторлар есебінен жаңа ғимарат құрылысы пайдалануға берілген есебінен толығымен шешімін тапқан.
Үш ауысымды:​2021 жылдың басында үш ауысымды мектептер саны 14 () құраған.
Ағымдағы жылы сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар түзілген. Аталған жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 101 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Оның ішінде 2021 жылы 11 064 орынға арналған 24 мектеп (4 мемл.(1 920 орын), 20 жекем.(9 144 орын)) пайдалануға тапсырылды.
Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды.
Үш ауысымдағы мектептер мәселесін 2023 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.
Сонымен қатар, аталған мәселелерді шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты,

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Төреайым Сұлтанова

 

Пікір жазу