Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША

ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША

Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят и в помещении)

Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 657 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 241 адам вакцинаның екі компонентін алды. Ал, pfizer вакцинасының I компонентін 24 171 адам,
II компонентін 10 956 адам қабылдады. Сондай-ақ, 50 943 адам ревакцинацияланды.

Қала халқын карантин талаптарын сақтауға және екпе алуға шақырамыз.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу