Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ДӘМДӘСTOUR» ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҮЗДІК РЕСТОРАНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ДӘМДӘСTOUR» ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҮЗДІК РЕСТОРАНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» ресторандар жәрмеңкесінің үздік ресторандары анықталды. Ресторан өкілдері 6 номинация бойынша жәрмеңкеге қатысқан болатын. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов марапаттады.
Атап айтқанда, «Үздік Fast-Food» — Кофе молка (1 орын), «Үздік самса» — Камал ата (кесе самса, І орын), «Үздік шашлык» — Сафари (І орын), «Үздік кондитерлік өнім» — Мадлен (І орын), «Үздік наурыз көже» — Блинчик (І орын), «Үздік палау» номинациялары — Афрасиаб (І орын) ресторандарына берілді.
Аталған жәрмеңкенің алғашқы күнінде келушілер саны артуда. Қазірдің өзінде алаңға келген адам саны 5000-ға жуықтаған.
Халықаралық әуежайы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, Наурыз мерекесіне орай берілген демалыстың алғашқы күнінде Шымкент қаласына 3500-ге жуық адам ұшып келген. Олардың қатарында Дубай мен Бішкектен және Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан келушілердің саны басым. Жалпы, осы күні ұшып келген рейс саны – 20-ға жуық. Одан өзге, Шымкент теміржол вокзалы арқылы бір күнде 30 шақты пойыз қатынасы жүрген. Семей, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау және Маңғыстау қалаларынан келушілер қатары көп. Әл-Фараби алаңында өткен тұңғыш ресторандар жәрмеңкесінде өзбек, үндіс, түрік, грузин және орыс ұлт өкілдері де қатысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Наурыз мерекесін тойлауда.
Кәсіпкерлер іс-шара арқылы арнайы дайындаған мерекелік тағамдарын сатылымға қойып, табыс көзінің өсуіне мүмкіндік алды. Ал, қаладағы орналастыру орындарын ұсынатын қонақ үйлер мен хостелдерде де осы күні келушілер саны артқан.
Сондай-ақ, келушілер арасында ресторан басшылығы атынан арнайы конкурстар ойнатылды. Ресторандардың тарихына қатысты сауалдар қойылып, жеңімпаздарға әр рестораннан түрлі соммада сертификаттар берілді. Одан өзге, «City hotel», «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйлерінен ақысыз бір күндік демалысқа сертификат ойнатылды.

Пікір жазу