Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ

Қала таулы, климаты жұмсақ әрі қолайлы, өсімдіктің алуан түрі кездесетін географиялық аумақта сәтті орналасқан.
Қаланың экологиялық ахуалға теріс ықпалын азайту үшін «Жасыл қала» мәртебесін нақты іспен көрсетеміз.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы мынадай міндеттерді орындауды мақсат етеді:
➢ 2020-2021 жылдары жаңадан 3 саябақтың құрылысы жүргізіледі. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы, №1 автожол бойында және Қасірет мемориалының жаны;
➢ 2021 жылы қаланың орталық көшелерінің бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашылады;
➢ Жыл сайын 200 мың ағаш көшеті отырғызылып, жасыл желекке айналуына бақылау жасайды;
➢ 2023 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде 13 мың гектар жерге жасыл белдеу құрылады, онда 6,5 млн түп алуан түрлі көшет отырғызылады;
➢ 1 474 қоқыс контейнерлері жаңартылады;
➢ Қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу зауытында қоқысты қайта өңдеу және жою үлесін 35 пайызға дейін жеткізуді қадағалайды.

«AMANAT » партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу