Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ БОЙЫНША

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ БОЙЫНША

«Amanat» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысына сәйкес қаланың инфрақұрылым жүйелері бойынша келесі жұмыстар атқарылуда:
Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін барлық аялдамаларды жабдықтау бойынша:
Жалпы қала бойынша 1 238 аялдама бар, оның ішінде: 565 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы, ал 673 аялдама жабдықталмаған болатын.
Осыған байланысты 2021-2025 жылдар аралығында жабдықталған аялдамалардың үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. 2021 жылы Жолаушылар көлігі және автомобль жолдары басқармасымен 250 аялдама орнату қараластырып, қазіргі таңда жоспарланған аялдамалар орнатылып қолданысқа енгізілді.

Қала аумағындағы жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жолдардың үлесін бойынша:
2021 жылы 178 нысанға жөндеу жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда:
➢ Құрылыс жұмыстары 14 нысан немесе 60,4 шқ. жолдар (Оның 10 нысаны немесе 50,5 шқ. 2022 жылға өтпелі);
➢ Қайта құру жұмыстары 5 нысан немесе 12,6 шқ. жолдар (Оның 3 нысаны немесе 9,8 шқ. 2022 жылға өтпелі);
➢ Күрделі жөндеу жұмыстары 4 нысан немесе 49,8 шқ. жолдар (Оның 1 нысаны немесе 19,3 шқ. 2022 жылға өтпелі);
➢ Орташа жөндеу жұмыстары 155 нысан немесе 188,1 шқ. жолдар (Оның 27 нысаны немесе 35,2 шқ. 2022 жылға өтпелі);
Сонымен қатар, 4 ауданда 237,6 шқ. жолдарға шағал тас төсеужұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 63,6 пайызға жеткізу күтілуде.

​Теміржол вогзалын қайта құру бойынша бойынша:
Шымкент қаласы аумағындағы теміржол учаскесінің жалпы ұзындаығы 91,63 км, оның 67,42 км электрлендірілген.
Сонымен қатар, қала аумағында 7 теміржол станциясы мен бірінші санаттағы 1 теміржол вокзалы бар.
Шымкент қаласының темір жол вокзалы 1968 жылы салынып, пайдалануға берілген. Темір жол вокзалына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.1968 жылы жобаға сәйкес тәулігіне 2000 жолаушы өткізу қабілеті есептелген. 2019 жылдың есебі бойынша тәулігіне 5500-6000 жолаушыға қызмет көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №18-01-7.14 тапсырмасына сәйкес, қаланың теміржол вокзалын қайта құру тапсырылған.
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның 2019 жылғы 10 қазандағы №10-1-01-07/5865 ұсыныс хаты жолданып, 2020 жылғы 1 қаңтарда Вокзалының ғимараты мен жолаушылар плотформаларын Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды.
Бұл ретте, 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының темір жол инфрақұрылымын ұстау және салу жөніндегі құзыреті көзделмеген.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы теміржол вокзалын реконструкциялау бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында, конкурс жарияланған. Алайда, конкурсқа қатысу үшін өтініштер түспеуіне байланысты конкурс өткізілмеген болып саналды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің 2021 жылғы 17 ақпанда Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша №11-3/ хаттамасының 3-тармағына сәйкес, «ҚТЖ»ҰК» АҚ-мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласының теміржол вокзалын «ҚТЖ»ҰК» АҚ балансына беру, сондай-ақ оны қайта құрудың орындылығы бойынша мәслелерді пысықтауды тапсырды.
«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға (бұдан әрі — Компания) Шымкент теміржол вокзалын Компанияның теңгеріміне қайтару мәселесін қарау бойынша әкімдіктің 2.03.2021 жылғы №32-07-20/2200 және 15.04.2021 жылғы №32-07-20/4012 хаттары жолданды.
Қазіргі таңда, Шымкент теміржол вокзалын «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның теңгеріміне өткізу бойыша қалалық әкімдік пен «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірлесіп жол картасын әзірлеп, оның орындалуы бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Жаңа әуетерминалының құрылысы бойынша:
Қәзіргі таңда Шымкент қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде, аталған жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 18-01-7.14. тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №747 қаулысымен «Аэропорт Шымкент» АҚ-ы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Жыл сайын жолаушылардың өсуі мен Шымкент қаласының даму перспективаларына сәйкес 2,8 га жер теліміне жаңа терминалдың құрылысын салу шешімі қабылданған.
2018 жылдың 5 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігі мен «SCAT әуекомпаниясы» АҚ-ның арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, «SCAT әуекомпаниясы» АҚ-ы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысын бастаған.
Жаңа терминал құрылысы аяқталуы нәтижесінде жолаушы өткізу қабілеті сағатына 2000 адамды құрайтын болады.
Жобаның құны 12.6 млрд.теңгені құрайды.
Жобаның жалпы аумағы
га
2,8
Ғимараттың жалпы аумағы
м2
35000
Өткізу қабілеті
Жолаушы/сағатына
2000
Қабаты

4

Бүгінгі таңда, жобаның екінші кезеңіне сәйкес, терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау мен желдеткіш жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, багаждық жүйенің құрылғылары, лифтілер, эскалаторлар мен телескопиялық траптар жеткізілді.
Жалпы жобаның орындалу көрсеткіші – 80% құрайды.
Бұл ретте, құрылыс жұмыстарының атқарылуы мен терминалға қажетті құрылғылардың жеткізілу мерзімдерін ескеріп, терминалды 2022 жылдың I-тоқсанында іске қосу болжануда.
Одан бөлек, 2020 жылы 874 млн.теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталып, жобалық құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын жаңа терминалға апаратын кірме жолды қолданысқа беру ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлануда.
Сондай-ақ, инженерлік желілерді салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, (жобаның құны 6,1 млрд.теңгені құрады) аталған желілерді салуды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау күтілуде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу