Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША

LED көше шамдары. Көше жарықтандыру: прожекторлар, LED жарықтандыру, шамдар 

(125). Қаланың барлық көшелері мен аулаларын жарықтандыру

Қазіргі уақытта қаланы түңгі жарықтандыру қамту көрсеткіші 30-% құрайды.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында қосымша 312 көшені(2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы — 102 көше, 2023 жылы — 106 көше)жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 104 көшені мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандыру жоспарланып «ABM Building 2007» ЖШС-мен келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 51 көшеде аяқталды.

 

(144.3) Ақылды көше жарығы

Қазіргі уақытта қала бойынша 43 көше ақылды көше жарығымен қамтылған. Қамту көрсеткіші 5,8-% құрайды.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру көзделуде. Яғни, диспетчерлік орталық құрылып, жарықтандыру жүйелері орталық арқылы толықтай басқарылады (атап айтқанда, күйген светильниктерді кері сигнал арқылы автоматты анықтау, түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулағанда светильниктердің жарық беру пайызы автоматты төмендеу т.с.с.).

​Ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында, қосымша 136 көше ақылды көше жарығымен қамтылып, жыл соңына дейін жалпы саны 179 көшеге жететін болады. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 51 көшеде аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу