Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ 1,6 %-ҒА АРТТЫ

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ 1,6 %-ҒА АРТТЫ

Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі бойынша Республикада бірінші орында  — "Айғақ" ақпараттық порталы

Есепті кезеңде ауылшаруашылық өнімінің көлемі 34,1 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 1,6 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы – 21,1 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 12,6 млрд. теңгені құрады.

Өсім ет өнімінің көлемін 4,2 пайызға (11,8 мың тонна), сүт өнімін 2,2 пайызға (39,1 мың тонна), жұмыртқа өндірісін 1,1 пайызға (116,5 млн.дана) арттыру есебінен қалыптасты.

Егін шаруашылығы

Қала аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

62,6 мың га  құрайды. Оның ішінде, егістік жер 39,5 мың га, суармалысы 11,0 мың га.

Егістік жерлер өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың га артып, 27,9 мың га болды.

Нәтижесінде, 85,4 мың тонна өнім жиналды.

Озық технологияны қолдану мақсатында жылыжайдың жалпы көлемі 195,2 га жетті.

Ағымдағы жылы агро-индустриалдық аймақта қосымша 27,5 га жерге заманауи жылыжай кешенін құрайтын 6 жобаның құрылысы жүргізілуде.

2021 жылдың 9 айында экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 99,3 млн.АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында биылғы жылы 4 718,1 млн. теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде:

Биыл салада құны 9,0 млрд.теңгеге 1500 жұмыс орнымен 25 жобаны іске қосу жоспарланса, оның бүгінге құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орны ашылды («Корно-1» ӨК, «Эгамнзаров» ЖК, «Наурыз.» ЖШС, «Асыл-жұлдыз» СПК, «Байзаков Е» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК, ЖК «Халаев», «Зертас» ШҚ, «Алтынсай» ШҚ, «AgroPark» ЖК, «IGM Corporation» ЖШС, «Алина» ШҚ, ЖК «Орынбасарова Г» (Айнакөл) «Тассай құс» ЖШС, «Алан и Компания» ЖШС );

Қаладағы «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 8 сібір жарасы ошағы тіркеліп, нысандар толық құжаттандырылып, арнайы белгілер қойылды.

Мал өлекселерін тастайтын 6 «Беккари» шұңқыры бар.

2021 жылы энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, көктемгі және күзгі мезгілде жалпы 193 846 бас ІҚМ  бүрку және 204 380 бас тоғыту, 3 922 000 шаршы метр қора жайлар мен 751 500 шаршы метр буферлік аумақтарға және 3 983 428 шаршы метр саябақтар мен гүлзарларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен атқарылды.

27 527 ит-мысықтар ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

 

Пікір жазу