Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЖЫМҰҚАН АБЗАЛОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЖЫМҰҚАН АБЗАЛОВ

Қажымұқан Абзалов 1988 жылы 23 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.

Шаян аулындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алған (1995-2006) . Оны аяқтаған соң, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін өнер кафедрасы «музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006 -2010).

Жетістіктері:

С.Демирель атындағы «Тәуелсіздік көктемі -2010» жас ақындар айтысында ІІІ орын, «Ұшқыр ойлар» Республикалық ақындар айтысында ІІ орын,2013 жылы «Оңтүстік аймағы командасының жүйрігі» облыстық «Наурыз-2014» айтысында І орын иегері атанған.

«Наурыз – 2014» айтысында 1-ші орын иеленіп, облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталған. Жыр арқауы; Сұлтанбек Қожановқа, Тұрар Рысқұловқа-120 жыл, Сәттар Ерубаевқа – 100 жыл, Балуан шолаққа – 150 жыл тақырыптарында айтысқа қатысушы.

2014 жылы Ташкент қаласында өткен Әйтеке биге-370 жыл «Біз бір халықпыз» тақырыбында айтыста 2-ші орыннан көрінді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 15 жыл толуына орай, «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» Республикалық айтысқа қатысып 2-ші орынды иемденген. 2015 жылы Шымкент қаласында өткен «Көк тудың желбірегені» атты республикалық ақындар айтысында ІІ-ші орын, Қызылорда қаласында өткен «Мәңгілік ел – мәртебем» республикалық ақындар айтысында І-ші орын иегері атанды.

Шымкент

Пікір жазу