Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛАМЫЗДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті тиімді басқару тәсілдері жайлы »  Жаңақорған тынысы

Жыл басынан коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді пайдалану мақсатында қаланың коммуналдық заңды тұлғаларының теңгерімінен 696 пәтер, 10 автокөлік, 5 ғимарат, 2 207 литр жанармай, 34 628 кг ветеринариялық препарат (ұнтақ), 2 551 литр ветеринариялық препарат (сұйық) және 4 107 негізгі қорларды басқа коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміне беру бойынша бұйрықтар шығарылып, коммуналдық мүліктерді қабылдау-өткізу актілері бекітілді.

Сондай-ақ, қаланың коммуналдық меншігіне төмендегі мүліктер қабылданған: құрылысы аяқталған 23 нысан (жылу, сыртқы байланыс, электр, газ, су желілері, қазандық, Тенис орталығының алаңын абаттандыру, көгалдандыру, «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығының ғимараты және т.б.), 33 тұрғын үй, 2  мектеп;

— республикалық меншіктен 2 ғимарат (Сарбаздар көшесі №8, Абай даңғылы 19Б), 20 пәтер, 3 автокөлік, 1 853 660 ветеринариялық препараттар және 482  негізгі құралдар,  2 автокөлік (ЗИЛ 433362 пожарный);

— сыйға тарту шарты бойынша 1 автокөлік (Автобус YUTONG), 3 пәтер, 1 ескерткіш (Поклонный крест), 2 жобалау-сметалық құжаттамалары;

— Түркістан облысының коммуналдық меншігінен 2 пәтер, 4 үй, 2 ғимарат.

Сонымен қатар, қаланың коммуналдық меншігінен төмендегі мүліктер өткізілді:

— республикалық меншікке 1 ғимарат (Байтұрсынов көшесі, 17), 50 153 негізгі қорлар, 1 автокөлік (ДГД KIA Quaris);

— Түркістан облысының коммуналдық меншігіне 1 кітапхана (ғылыми-әмбебап кітапханасы), 1 ғимарат («ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» МКҚК-ның теңгеріміндегі Жетісай қаласында орналасқан ғимарат) және 307 негізгі құралдар.

2021 жылдың 9 айының қорытындысымен қалалық коммуналдық меншіктегі тұрғын емес жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша 134 шарт түзіліп, жалпы алаңы 19,3 мың шаршы метр жай жалға берілді.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу