Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: СЕРІКЖАН СЕЙІТЖАНОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: СЕРІКЖАН СЕЙІТЖАНОВ

Серікжан Сейітжанов – кәсіпкер, меценат, «Standart Cement» цемент зауытының, «Саутс Ойл» мұнай компаниясының иесі, президенті, «Talas Investment Company» натрий цианидін өндіретін республика бойынша жалғыз өнеркәсіптің басшысы, Оңтүстік Қазақстан бойынша ірі құрылыс компаниясында өзінің ғылыми әзірлемесімен жұмыс істейтін басшылардың бірі.

Құрылыс комбинатынң директоры бола отырып, Серікжан Сейітжанов диссертациясын қорғады, цементалмастырушы қоспа технологиясын ойлап тауып, өндірісте белсенді түрде қолданды. 70-жылдары Қазақстанда алып құрылыс жұмыстары жүргізілді, құрылыс материалдары жетіспеді. Серікжан Сейітжанов аспирантураға түсіп, фосфор қалдықтары негізінде цемент алмастырушы құрылыс материалдарын алу туралы кандидаттық диссертациясын қорғады. Директордың ғылыми еңбегі «Шымкент промстрой» комбинатында қолданыла бастады, бұл – фосфор қалдықтарына химиялық реагенттерді қосатын жаңартылған технология еді.

Өндірілген шикізат жылу трассасына плиталар, бордюр дайындауда қолданылды. Әлі де «Стандарт-Цемент» зауытында бұл технологияны қолданып жүр.

Серікжан Сейітжанов өмір бойы ғылыммен байланысын үзбеген. 1998 жылы докторлық диссертациясын қорғап, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының мүшесі, Халықаралық ғылым академиясының мүшесі, Қ.А.Яссауи ат. ХҚТУ мен М.Әуезов ат. ОҚМУ құрметті профессоры. Компания жүйесінде инновациялық колледж жұмыс істейді, сонымен қатар медициналық униврситетінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Серікжан Сейітжанов академик Сұлтан Сүлейменовтың ескерткішін орнатты.

1999 жылдан «Саутс Ойл» ЖАҚ тарихы бастау алады. Ол Қызылорда облысындағы Құмкөл елді мекенінде мұнай өндіру тендерін жеңіп шықты. Тендерге 5 компания қатысты. «Саутс Ойл» қолайлы жағдай жасауға ден қойды – әлеуметтік қаражат, бонустар мен экспорттық табыстарынан 3%-ға дейін өңірдің дамуына бөліп отырады. 2001 жылы кен орнын пайдалану туралы бірінші келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда «Саутс Ойл» компаниясы «Солтүстік-Ақшабұлақ», «Кеңлік», «Қарабұлақ» кен орындарвнда мұнай өндіру және барлау жүргізіп отыр. Мұнай-газ өндірісі қазақстандық жеке инвесторлардың инвестициясы негізінде құрылған.

Жұмысты коммуникация мен ауылдарды салудан 48 адаммен бастады. 2003 жылы тамызда «Тереңөзекмұнай өнімдері» мұнай құятын терминалдың 43% акциясына иелік етті. 2005-06 жылдары ҚТЖ жүйесімен мұнай тасымалдау жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Қазақстан Республикасының үкіметінің белгілеуі бойынша қосалқы газды өртеуге тыйым салынғандықтан, «Саутс Ойл» Қызылорда қаласында қосалқы газдың утилизациясы бойынша зауыт салып жатыр, зауыт жылына 41 мың т сұйықталған газ бен 8 т газды бензин шығаратын болады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша «Қазақстанның 100 корпоративті лидерлер» тізіміне кіретін «Standart cement»зауыты құрылды. Ол жалпыәлемдік стандартқа сәйкес құрылған ОҚО аймағындағы ең ірі және шағын капиталды жобаердің бірі (жоба құны 120млн доллар), экологиялық таза өнім өндіреді.

Қазақстан Республикасы бойынша натрий цианидін өндіретін «Talas Investment Company» ірі өндірістердің бірі, инвестиция соммасы 12,9 млрд. т құрайды. Натрий цианиді алтын өндіретін өндірістерден алынады, осы уақытқа дейін шетелден тасымалдайтын. Болашақта алтын өндіру жоспарлануда.

2014 жылы Шымкенттің орталығында «Rixos Khadisha Shymkent» үлкен қонақүйі салынды, қазіргі таңда қаланың сәні болып отыр. Биік ғимараттың авторы – Норман Фостер. Ол әлемге әйгілі архитектор, Астана қаласының «Бейбітшілік және келісім» сарайының және «Хан-Шатыр» ойын сауық-сауда орталығының авторы болып табылады.

Серікжан Сейітжанов Шымкент қаласына сауда-іс жөнінде және ойын сауық-сауда орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа мешіт те қаланың көрікті жерлерінің қатарына қосылғалы тұр.

«Саутс Ойл» компаниясы нысандарының қатарында ОҚО Отырар ауданының Шілік, Таскен ауылдарында мектеп пен балабақша, Қызылорда қаласында «Нұрсәт» теннис орталығы  мен «Ақмешіт» мәдени-сауық орталығы, Қамыстыбас көлінің жағалауында санаторий, Шымкентте «Қос Ана» балабақшасы және т.б. көптеген нысандар бар. Бұл Серікжан Сейітжановтың мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі болып  табылады.

Шымкент

Пікір жазу