Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАЙ ОТЫР — «Aqtóbe» телеарнасының ресми  сайты

Қаламызда 13 көлік компания күнделікті 75 маршрутта, 720 көлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдауда.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын реттеу, жүйелендіру және дамыту мақсатында әзірленген кешенді схемасына сәйкес, 70 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды.

Қалған маршруттардың жұмысы қаладағы газ толтыру станцияларының құрылысы аяқталысымен ұйымдастырылатын болады.

Қала бойынша 1 886 аялдама орындары бар, оның ішінде 1 238 орын павилионмен қамтылған. 2021 жылға 250 дана аялдама орнату жоспарланып, қазіргі таңда жоспар толығымен орындалды.

Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізілгеннен бастап 200 мың төлем картасы сатылып, қосымша 100 мың карта сатылымға шығарылды. Осы уақытқа күнделікті  транзакциялардың  орташа санымен 270 мыңға жетті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы жүргізіліп жатқан транзакциялардың  97% картамен төленді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, қоғамдық көлікті бақылау жүргізетін «І-Көлік» мобильді қосымшасы пайдалануға берілді.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

 

Пікір жазу