Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША

ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША

Канаданың табиғат жағдайлары мен ресурстары

«Жасыл белдеу» алаңын ұлғайту бойынша ағымдағы жылы жалпы 155 722 дана ағаштар егілді.

Күз айларында жалпы 285 835 ағаштар егу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 162 гектарына су тапшылығына байланысты тәжірибе ретінде сексеуіл тұқымы себіледі.

«А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябақтың» гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің (жаңа ағаш түрлері) 108 түрінен 540 дана көшет, 36 түрінен 180 дана ағаш-бұта егілді. Сонымен қатар демеушілер есебінен Қатон-Қарағай тұқымбағынан 1 500 дана сібір шыршасы алынып, тұқымбаққа орналасатырылды. Гендік қордағы ағаш-бұталардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 3 000 данаға артқан.

Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 105 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 197 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8941 түп көшет өсірілуде.

Саябақтарды дамыту

Қала теңгерімінде 119,48 га аумақты құрайтын 9 саябақ және 37 га құрайтын 39 гүлзарлар мен аллеялар бар.

Ағымдағы жылы Шымкент қаласы №1 айналма жол бойында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағындағы саябақтың құрылысы толығымен аяқталды. Саябақтың аумағы 4,48 га.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу