Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МӘСЕЛЕМЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

МӘСЕЛЕМЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Елшиева Альбина мен Исабеков Данабек қабылдауға келген бірнеше азаматтардың мәселелерінің шешілуіне қолдау көрсетті.
Соның ішінде аз қамтылған, үйі өртеніп кеткен көп балалы анаға (7 бала) үйін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын.
Возможно, это изображение 5 человек, ребенок, люди стоят, на открытом воздухе и дерево
Қасиетті Рамазан айында өртенген көп балалы үйге барып, уәде етілген тоңазытқыш және төсеніш кілемдерін табыстады.
Возможно, это изображение 3 человека, люди стоят и дорога
Алдағы күндері әлеуметтік жағдайлары бойынша құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетіп, мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда құқықтық көмек көрсететін болады.
Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын!

Пікір жазу