Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ГҮЛМИРА ЛАЗАРҚЫЗЫ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ГҮЛМИРА ЛАЗАРҚЫЗЫ

Гүлмира Лазарқызы 19 мамыр 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келді. Мұражайдағы атқарған жемісті еңбегі мен облыстық, республикалық деңгейлеріндегі өткізілген іс-шараларға қосқан үлестері үшін Облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапаталған.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отырған «Оқу əлеміндегі оқырман ұлт» тақырыбында Астана қаласында өткен халықаралық симпозиумға, ҚР Ұлттық мұражайында өткен «Мұражай қызметін инновациялық дамыту жəне ақпараттандырудың өзекті мəселелері» республикалық форумға, ҚР Ұлттық мұражайында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитаж ұйымдастырған Халықаралық семинарға қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен іс-тəжірибе алмасу мақсатында Түркия Республикасы, Стамбул қаласына жасалған іс-сапар барысында алғыс хаттармен марапатталан.

Гүлмира Лазарқызы іс ісінің нағыз шебері, ол әрқашан ұйымдастырушылығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп, өз қызметтестерінің арасында беделге ие. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Жүз жаңа есім» жобасында Гүлмира Лазарқызының аты аталуға әбден лайық деп есептейміз.

Шымкент

 

Пікір жазу