Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » СПОРТ АЛАҢШАЛАРДА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

СПОРТ АЛАҢШАЛАРДА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында әр аптаның жексенбі күндері төрт аудан аумағында орналасқан спорт алаңшаларда «Аула чемпионаты» ұйымдастырылуда. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев мәлім етті,   деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Сала жетекшісі аталған спорттық іс-шара «Балалар жылы» аясында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан әкімдіктерімен бірлесе жыл соңына дейін өткізілетінін атап өтті.

Бұл жарысқа 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында орналасқан 44 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3 мыңға жуық балалар қатысып, 200-ге жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін 104 спорт алаңшада (әр ауданда орналасқан 26 алаңшада) өткізу жоспарлануда. Аталған спорттық іс-шараға 6 мыңннан астам балалар қатысады деп күтілуде.

Айта кетсек, қазіргі сәтте Шымкент қаласында қала әкімінің бастамасымен мектеп оқушылары арасында «Шымкент жастар лигасы» жобасының финал кезеңі өтіп жатыр. Оған қаладағы 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысып, бақ сынауда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық іс-шара өтіп, оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спорттық шаралар — Шымкент қаласының чемпионаттарына — 2 мыңнан аса бала, Қазақстан Республикасының чемпионаттары — 3 600 бала, Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар 5 мыңға жуық бала қатысып, байрақты бәсекеде бақ сынайды деп күтілуде.

 

Пікір жазу