Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫНА 20 ЖЫЛ

ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫНА 20 ЖЫЛ

Түстік өңірден бастау алған Қазақ романсиадасы байқауына биыл 20 жыл толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков байқау қонақтары мен қазылар алқасы мүшелерімен кездесіп, мерейлі мерекемен құттықтады.

Кездесуде сөз алған Ұласбек Сәдібекұлы байқаудың 20 жылдық ғұмырына баға беріп, романсиадаға атсалып жүрген шығармашылық ұжымдарға табыс тіледі. Облыс әкімінің орынбасары кездесу барысында байқаудың мерейтойына орай қазылар алқасының тұрақты төрайымы Галина Преображенскаяға Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген ерекше еңбегі үшін медалін салтанатты түрде табыс етті.

«Өнер қашанда өзінің құдіреті мен киелілігімен ерекшеленеді. Ұлы өнерді жандандырып келе жатқан романс орындаушыларының ашық байқауын өткізу сонау 1997 жылы қолға алынған болатын. Осы жылдар арасында талай таланттардың томағасын сыпырған байқау 2003 жылдан бастап халықаралық конкурс мәртебесіне ие болды. Осының өзі байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің ерекше ықыласына бөленіп келе жатқанын айқындайды», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Кездесу барысында сөз алған қонақтар қазақ рамансиадасының тарихынан сыр шертіп, өнерге ерекше қолдау білдіріп отырған облыс әкіміне алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, биылғы байқауға қатысуға 16 мен 27 жас аралығындағы 50 үміткер өтінім беріпті. Қазір байқаудың іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Ал романсиада қорытындысы 20 қазан сағат кешкі 19.00-де «Түркістан» сарайында өтетін гала-концертпен аяқталады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу