Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАРАТАУ АУДАНЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРАТАУ АУДАНЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.

Соның бірі — Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.

Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Қаратау ауданына қарасты шағынаудандарды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен, жоспарға сай жүргізілуде. Солардың бірі Нұртас шағын ауданында да аталмыш жұмыстар жалғасып жатыр. Айтап айтсақ, сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы бастау алған болатын. Күні бүгінге дейін құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталды. Құрылыс барысында 600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Осы жұмыстардан соң «ОңтүстікЖарықТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.

Нұртас шағын ауданында табиғи газбен қамту құрылысы да қатар жүруде. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды. Құрылысын толығымен ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарда.

Сондай-ақ, биыл Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Ауданның Қызыл су тұрғын алабы Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1 шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.

 

 

 

Пікір жазу