Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТҮБІ БІР ТУЫСТАР

ТҮБІ БІР ТУЫСТАР

Бүгінде қазақ-қырғыз тек туған-туыс ғана емес, болашақтың бағытын бірге бағдарлап, бір мақсатқа қол созған мүдделес екі мемлекет. Екі халықтың арасындағы қарым-қатынастар – саяси, экономикалық сауда және руханият саласында болсын – өте жоғары деңгейде дамуда. Енді, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ісі саясат сахнасындағы жаңа кейіпкер Сооронбай Жээнбековке артылған сенім. Демек, мемлекет басшысы ішкі тұрақтылық пен басқа мемлекеттермен сыртқы байланысты реттеу мәселесінде таразының екі басын тең ұстауы қажет. Осы мақсатта күні бүгін Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстанның Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған делегация өкілдерінің екі ел тарапымен жасаған келіссөзі. Бұл ауқымы кең басқосу экономикалық байланыстар бойынша, жан-жақты мәселелерді талқылап, алдағы мақсаттарды айқындап берген кездесу болды. Онда 2017 жылдың 19 қазан күні түнгі сағат 12-ден бастап, екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келісілген. Демек, екі жақты тауар айналымы да ретеледі деген сөз.

Жалпы билік басында тұрып, арам пиғылмен арандатушылық жасаған кімге болса да, жарасымсыз тірлік. Қуанатыным, бұндайлар келеді-кетеді, бірақ екі ел қалады.

Дінмұхаммед ЖАҚЫПБЕКОВ,
э.ғ.к., доцент

Пікір жазу