Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖАҢА СИПАТТАҒЫ КӨМЕК

ЖАҢА СИПАТТАҒЫ КӨМЕК

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 161,7 мыңға жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 32,5 мың адам тартылды.

Атап өткен жөн, есептік мезгілде 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстер мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 276 маман біліктілікті көтеру бойынша қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.

Жобаға атсалысу нәтижесінде, қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 3,1 есеге өсті.

Еске сала кетсек, «Өрлеу» пилоттық жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай – АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталып отыр.

2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.

Жаңа сипаттағы АӘК әлеуметтік көмекті алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, жұмысқа орналасуға, жақсы өмір сүруге ынтасын күшейтпек. Сәйкесінше аз қамтылған азаматтардың ел экономикасы мен қоғамға етене араласуына мүмкіндік туады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу