Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 300 МЫҢ АДАМДЫ ҚАМТИДЫ

300 МЫҢ АДАМДЫ ҚАМТИДЫ

Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ.

Өңірде әлеуметтік көмектің жаңа сипатына көшу үшін тиісті шаралар барынша атқарылуда. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту басқармасы мамандарының жергілікті халықпен кездесуде айтатын басты тақырыбы болып отыр. Жобаны жергілікті халыққа түсіндіруде ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған арнайы 36 мобильді топ құрылды. Бүгінге дейін 700-ден астам елдімекенде тұрғылықты халықпен кездесулер ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталықтары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мамандарына, аудан және ауылдық округ әкімдеріне әр тоқсан сайын оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Ал, «Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық алды.

Осы жобаға қатысушылардың 94%-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 85%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 906 адам өз ісін ашып, жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелді.

Облыста «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру нәтижесінде, шартты ақшалай көмек алушылардың табысы 4,2 есеге артып, орта есеппен айына 1 адамға 23 мың теңге болды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу