Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ

Шымкенттік «ROTO-PRIME» ЖШС директорының орынбасары Дәулет Сүйінтаев:

– Қазіргі уақытта Қырғызстанда экономиканың әр түрлі салаларындағы 400-ге жуық қазақ-қырғыз кәсіпорындары жұмыс істейді. Соңғы рет қырғыз ағайынның бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің соңында жұмыс тобы құрылып, оны қос мемлекеттің бірінші вице-премьерлері басқаратын болды. Екі ел Премьер министрлерінің кездесуінен кейінгі келісімдер көңілді қуантты. Оның ішінде, айту керек Қазақстан Қырғыз экономикасына 800 млн доллар инвестиция салған. Ал тауар айналымы соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша 28 пайызға өскен.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында $399,2 млн-ды құраған, сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен ($311,6 млн) салыстырғанда 28,1%-ға ($87,6 млн) ұлғайған.

Мұның барлығы кәсіпкерлер мен елдің әл-ауқатының түзелуіне оңды ықпалы мен әзерін тигізетіні анық деп білемін. Бастысы Қызғыз еліндегі әріптестерімізбен байланысымыз одан әрі нығай түсетініне сенемін.

«ARD» компаниясының Басқарушы Директоры Амангелді Артықов:

– Менің ойымша, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бауырластық қарым-қатынас екі елдің Үкімет басшылары ресми жолығып, келісімдерге қол қойғаннан кейін одан әрі беки түседі.

Біз қырғыз кәсіпкерлерімен тығыз байланыстамыз. Үнемі тәжірибе алмасып, достығымызды арттырып халықаралық бизнес форумдарда бірге боламыз. Олардың қазақстандық кәсіпкерлерге деген көңілі ақ, құрметі шексіз. Сол себепті, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың куәгері ретінде, болашақта да ешбір күмәнсіз достығымыздың жалғасатындығына сенімім мол.

Өз тілшімізден

Пікір жазу