Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҰСТАУ ШАРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҰСТАУ ШАРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – шенеуніктердің бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру.
Осы мақсатта бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық-атқару жүйесінің қалалық департаментімен бірлесе Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен оған бағынысты мекеме директорлары және Көлік бақылау инспекциясының қызметкерлерін ИЧ-167/11 мекемесінде қамауда отырғандарды ұстау шарттарымен таныстырды.
Ұйымдастырушылар бүгінгі акция әркім өзінің қолындағы бар нәрсені бағалай білуіне, адал қызмет етіп, жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіндігіне сенім білдіреді.
Акция барысында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері тергеу мекемесінің режимімен таныстырып, өз кезегінде қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.
Айта кетейік, іс-шара аясында тергеу изоляторында ұстау шарттарымен 60-ға жуық қызметкерлері таныстырылды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу