Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Жас кәсіпкерлермен кім кездесті?

Жас кәсіпкерлермен кім кездесті?

жк-01 жк-02 жк-03 жк-04Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha қонақ үйінде жас кәсіпкерлер клубының алғашқы отырысы өтті.
Жас бизнесмендермен болған кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қатысып, клубтың ашылуы жас кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын іске асырудағы мүмкіндіктерін кеңейте түсетінін атап өтті.
«Облыс экономикасын дамыту – баршамыздың жұмыла көтеретін жүгіміз. Ол үшін әрбір азамат мұндай жұмыстарды шағын істерден бастауы қажет. Мәселен, үй алдындағы бақшаңызды көркейтіп, дамытуға болады. Қуантарлығы сол, өңірімізде шағын және орта бизнес дамып келеді. Ендігі қадам, осынау кәсіп иелері бірігіп, жұмыс істемей тұрған ескі зауыттарды қалпына келтіріп, сол жерде бизнесті одан ары қарай дамыту болмақ. Сонымен қатар, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу, тұрғындардың әл ауқаты мен тұрмыс жағдайын соған сай көтеру Сіздер секілді жастардың қолында. Елбасы шағын және орта кәсіптің дамуына көптеген мүмкіндіктер мен жағдайлар жасап отыр. Соны дұрыс пайдалана біліңіздер», – деді әкім.

Өз тілшімізден

Пікір жазу