Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте «TALQYLAU» диалогтік алаңының отырысы өтті

Шымкентте «TALQYLAU» диалогтік алаңының отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Жолдау: бағыты айқын бес бағдар» тақырыбында «TALQYLAU» диалогтік алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz.

Мәжілісте алғаш сөз кезегін ОҚМПУ проректоры, доцент Баршагүл Қашқынқызы алды. Ол Жолдаудағы білім саласына қатысты мәселелерге орынды тоқталды. Ұлттық біріңғай тестілеудің көрсеткіші жоғарылағаны орта білім сапасының көрінісі екенін жеткізді. Жуырда ғана Германияның Дюссельдорф қаласында «Болашақ» бағдарламасымен 3 айлық курста болған педагог шетелдің білім саласындағы тәжірибесімен де бөлісті. Жиын барысында Шымкент қаласының «Әйелдер кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Айтбекқызы отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары мен оның алдын алу жұмыстары жөнінде тұщымды ойымен бөлісті. Отбасында ойран салатындарды қоғамдық жұмысқа тартып, көп болып тәрбиелеу керектігін де айтты. Президент отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқанын жәй қозғаған жоқ.

Сонымен қоса, «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Салдарбекұлы диалог алаңында медицина саласында кезек күттірмейтін реформаларға кеңінен тоқталды. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету жөнінде ел басшысы үкіметке сеніп тапсырды. «Әр адам өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауды үйренуі тиіс. Ауруын асқындырмай дер кезінде дәрігерге барып, ем-домын алса екен. Дәрігерлер науқастарды уақыт өткізбей қабылдауы үшін қағазбастылықтан арылып, жүйені жетілдіре түссек», — деді Есенбек Салдарбекұлы.

Жиынға қатысқан Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы Жолдаудағы бес бағдардың өзектілігі мен өміршеңдігін сөз етті.

Пікір жазу