Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЦИТАДЕЛЬДЕ ФОТОҒА ТҮСІП, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

ЦИТАДЕЛЬДЕ ФОТОҒА ТҮСІП, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Цитадель қамалы аумағында жаңа фотозона орнатты, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай бастама “Kazakh Tourism” ҰК” акционерлік қоғамының бастамасымен “Neo Nomad 2022” республикалық акциясы аясында еліміздің туристік маңызы жоғары 20 өңірінде іске асырылуда. Соның бірі — Шымкент қаласындағы Цитадель.
Талап бойынша, жыл ішінде барлық 20 өңірде жүріп фотосын #NeoNomad2022 хэштегі мен @kazakhtourism_official, @travel.kazakhstan инста парақшаларын белгілеп салған оқырман арнайы сыйлыққа ие болады.
Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы да шаһардың фоторамкасында суретке түсіп, естелік жасаушылар арасында 3 жеңімпазды анықтайтын болады.
Толық ақпарат @visitshymkent парақшасында.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш — мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатыпкелген. Келуші туристердің басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Италия және АҚШ азаматтары. Шымкент қаласы өткен жылдың қорытындысымен Республикада келуші туристер санымен 6-орынға жайғасқан. Ал, оның ішінде келуші шетелдік азаматтар бойынша 3-орынды құрап отыр. Туристер үшін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы тарапынан жыл ішінде 153 экскурсия ұйымдастырылған.

Пікір жазу