Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 02

РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 02

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылып, оған балалар 5-7 жастан қабылданады. Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы – айына 15 мың теңге.

Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге беріледі. Бұған қоса, әйелдерге, мүгедектер мен жасы 50-ден асқан жандарға экономиканың басым секторлары мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін тегін және қайтарымсыз гранттар беріледі.

«Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең көп сомасы — 3 млн теңгені құрайды. Қолдаудың осынау грант түрі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері жалпы сомасы 300 млн теңге болатын 96 грант берілді. Оның ішінен 2017 жылы 29 миллион теңге болатын 10 грант берілді», – дейді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм баcқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

Өз тілшімізден

Пікір жазу