Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 02

ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 02

ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады.

Бектай Орманов, «Нұр Әлем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Латын графикасына негізделген жаңа әліпбиіге өтуіміз құтты болсын! Елбасының қаулысымен бекітілген қуанышты жаңалықты барлығымыз қуана қабыл алдық. Неге қуанбасқа біріншіден, латын әліпбиі Қазақстан мен дамыған елдердің арасын жалғайтын көпір іспетті. Енді сол мәселені іс жүзінде шешуге кірістік. Тарихи жазба мұраларымызды сүзгіден өткізуге мүмкіндік туды. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен іске асатынын да есте ұстаған абзал. Сондықтан, бұл мәселеде аса көп қиындықтар пайда болады деп ойламаймын.

Данара Саранова, «АSSA» қоғамдық бірлестігінің директоры:
– Еліміз қарыштап дамыған тұста, тіліміздің мәртебесін де жадымыздан шығармауымыз қажет екенін ескерсек, латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын көңілге қонымды деп айта алар едім. Сонымен бірге, туыстас түрік халықтарымен да ынтымақтастық мәселесіне оң ықпал етеді деп сенеміз. Бір кездері латын әліпбиі қазақ жерінде қолданыста болған. Оның үстіне, елімізде ағылшын тілін жетік білетін жастар өсіп келеді. Оларға латын әліпбиіне бейімделу аса қиындық туғыза қоймайды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу