Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚЫЛМЫС САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН

ҚЫЛМЫС САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН

Түстік өңірде облыстық жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде жалпы қылмыстың саны 2017 жылдың 9 айында 13,6 пайызға төмендеп отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті.

Әбдіғани Тойшыұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында 190 мың 641 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға 1 млрд 373 млн. теңге айыппұл салынған. Бүгінгі таңда оның 47,1 пайызы өндіріліпті.

«Ерекше тоқтала кететіні, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы. Осы уақытқа дейін олардың жеке іздестіруімен ашылған қылмыстар саны 10,7 пайызға артып отыр. Оған қоса анықталған құқықбұзушылықтар 4,3 пайызға көбейген. Учаскелік полиция инспекторларымен 42 865 арыз-шағым қаралып, заңды шешімдер қабылданды», – дейді Әбдіғани Сейдуалиев.

Сондай-ақ, биыл жол-патрульдік полициясы 1074 қылмысты әшкере қылған. Бұдан бөлек, 205 493 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып отыр. Атап айтқанда, қылмыс жасаған тұлғалардың 70,5 пайызын жұмыссыздар құрайды.

Сонымен қатар, биыл әкімшілік қадағалау белгіленген 31 азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Ал 220 тұлға пробация қызметіне жеткізіліп, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліпті. Айта кетерлігі, ағымдағы жылы жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстар 18,8 пайызға өскен. Бұл көрсеткішті төмендету мақсатында өңірде «Жасөспірім», «Қадағалаусыз», «Түнгі қаладағы балалар» сынды іс-шаралар жүргізілуде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу