Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

Ордабасы ауданының кәсіпкерлері бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында Түркия елінен іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Түркияның экономика министрлігі ұйымдастырған шара «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу» тақырыбында өткізілді.

Іс-сапар барысында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Нигде қаласындағы «Алма-ата» фирмасының 1000 гектарлық қарқынды бауы мен мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. «Алма-ата» серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма көкөніс экспорттау бойынша Түрік Республикасында үшінші орынды иеленеді. Аталған серіктестік бүгінгі таңда Ордабасы ауданындағы 20 гектар жері бар «Александровский сад» ЖШС-нің бауын жетілдіруге әріптестік қолдау білдіріп келеді.

Шара барысында түркиялықтар ордабасылықтарға кәсіпкерлерді қолдау ісінің шетелдік нұсқасын таныстырды. Бұл тақырыпта арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Жиында сөз алған бюірқатар түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанға келіп, қаржы салуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, олар іскерлік байланыс аясында топырақ ерекшеліктерін зерттеп, соған орай арнайы көшеттер жеткізіп беруді, оларды күтіп-баптау ерекшеліктерін үйретуді қолға алып, мамандарды да оқытуға әзірліктерін мәлім етті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу