Басты бет » Көкейтесті » ЖОЛАУШЫЛАР ХАБЫН ДАМЫТУ – 01

ЖОЛАУШЫЛАР ХАБЫН ДАМЫТУ – 01

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске  жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың бірі екенін айтты. Сонымен бірге әкім осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  30 пайызға артқанын атап өтті.

Жиында жолаушылар хабының халықаралық жолаушылар мен облыс тұрғыдарына әлемдік деңгейде қызмет көрсететін бірқатар жобалар отырысқа қатысушылардың назарына ұсынылды. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласының жариялануына байланысты аумақтардың даму бағдарламасына сәйкес Шымкент әлемдік деңгейдегі қала ретінде дамуы жоспарланғанын айтты.

«2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласының жариялануына байланысты – халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени шараларды өткізуге ерте бастан дайындалу қажеттілігі туындауда. Оңтүстік Қазақстан облысы көрші Өзбекстан Республикасымен шекаралас болғандықтан, көрші елдің шекаралас аймақтарымен әлеуметтік-мәдени және экономикалық қарым-қатынас жақсарып келеді. Жоғарыда айтылған барлық алғышарттардан облыс орталығына жақын және алыс шетелдерден келушілердің саны еселеп өсетіні белгілі. Осыған байланысты, облыстың туристтік, халықаралық байланыстар әлеуетін дамыту мақсатында әуе және теміржол көлігі инфрақұрылымын қарқынын арттыру қажет. Бұл өз кезегінде облыс экономикасына оң әсер етіп, бюджет кірістерінің ұлғаюы мен жаңа жұмыс орындары ашылуна септігін тигізеді», – деді Д.Сатыбалды.

Сондай-ақ, ол жолаушылар хабы құрылысының жобасы бүгінгі заман талабынан туындаған жоба ретінде бағалай отырып, әкімдік тарапынан әуежайдың аумағын кеңейту, инфрақұрылым құрылысы мен автомобиль жолдары жүйесін жолаушылар ағынына сай дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды жеткізді. Бұдан бөлек, аймақ басшысы туристік әлеуеті мол өңірде екінші темір жол вокзалын салу жайы мен Ташкент – Түркістан бағытында  темір жол қатынасын дамытуды ұсынды.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*