Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН ЖАРЫС ӨТУДЕ

САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН ЖАРЫС ӨТУДЕ

«AMANAT» партиясының ардагері, Сайрам ауданы ядролық полигоны ардагерлері кеңесінің төрағасы Ирсметов Махаммеджанның бастамасымен, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен VII-ші облыстық турнир басталды.
Жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, оларды спортқа баулып, қызушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан турнир 2013 жылдан бастап тұрақты өткізілуде.
Турнирдің ашылу салтанатына Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Семей ядролық полигоны ардагерлері мен партия белсенділерімен бірге қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
2009-2012 жылғы жасөспірімдер арасында кикбоксингтен өткізіліп жатқан турнирге Атырау, Жамбыл, Түркістан обылыстары мен Шымкент қаласынан жалпы 180 бала қатысып, байрақты бәсекеде бақтарын сынауда.
23-25 қыркүйек күндері өткізілетін турнир қортындысымен жеңімпаздарға арнайы кубоктар беріліп, дипломдар табысталатын болады.

Пікір жазу