Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҚТАРБЕК АЙДАРБЕК — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ТҮЙЕ БАЛУАНЫ

ОҚТАРБЕК АЙДАРБЕК — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ТҮЙЕ БАЛУАНЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте ұлттық спортымыздың төресі саналатын қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді. Тартысты додаға өңіріміздің барлық аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сайыстың ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұл турнирдің қазақ күресін насихаттауда жастарға берер пайдасы мол екенін айтып, жарысқа қатысушы балуандарға сәттілік тіледі.
Дәстүрлі бәсекеге сен тұр, мен атайын деген 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде боз кілем көркін қыздырды. Әсіресе түйе балуандар белдесуі өте тартысты өтті. Бұл сында 28 балуан бағын сынап, бар күш-жігерлерін ортаға салды. Көрермендердің шабытын оятқан бәсекеде түркістандық Тоқтарбек Айдарбек бас жүлдені иеленіп, темір тұлпардың иесі атанды. Ал, тағы бір Түркістанның тумасы Бибарыс Әбдуғани күміс алқаны мойнына ілді. Ал, шардаралық талантты балуан Қайсар Шәмшідин қола жүлдеге қанағат етті. Бұдан өзге 6 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы тағайындалған алғыс хат, медальдармен марапатталды. Енді әр жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі турнирді Төлеби ауданы жалғастырады.

Пікір жазу