Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨНЕ ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ

КӨНЕ ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ

Оңтү Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен қазақ тарихының көне жәдігерлері жатқан қасиетті Отырар ауданында болып, оның қазіргі жағдайымен жан-жақты танысып қайтты.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың арнайы бекіткен кестесіне сәйкес, облыс әкімінің барлық салалық орынбасарлары аудан, қалалардағы атқарылған жұмыстардың барысымен танысуда.

Жансейіт Қансейітұлының осы тапсырмасына орай, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмысшы топ Отырар ауданында болып, бірқатар жұмыстардың барысымен танысып, бірқатар мәселелерге көз жеткізді.

Жұмысшы құрам Көксарай ауылынан Шеңгелді елді мекеніне дейін тартылған «Есіркеп» каналын, Маяқұм каналының басындағы тоспа мен Бұқарбай сайы арқылы Сырдарияның бұрынғы арнасы Өгізсайға артық суды өткізетін асфальт жолдың астындағы көпірді көріп шықты.

Жұмыстың барысымен таныстырған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов атқарылуға тиіс жұмыстар жөнінде өз ұсынысын айтты. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ұсынысты қолдап арнайы техникалармен қамтамасыз етуге көмек көрсетіп, ықпал жасайтынын жеткізді.

Өз тілшімізден,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы

Пікір жазу