Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Жер – халықтың ең қастерлі қазынасы

Жер – халықтың ең қастерлі қазынасы

Жер – халықтың ең қастерлі қазынасы, баға жетпес байлығы. Әсіресе, төрт түлігін төлдетіп, етін, сүт пен майын айырып отырған ауыл тұрғындары үшін жайылым, шабындық мәселесі аса маңызды. Жер мәселесіне қатысты, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округі Сырлысай елді мекенінің тұрғындарының өтінішіне “AMANAT” партиясы жанындағы “Жер аманаты” комиссиясының мүшелері құлақ асты.
Кездесуге, “AMANAT” партиясы, Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, П. Тұрсынбаев, Түркістан облыстық жер қатынастар басқармасының бас маманы С.Тұрлыбеков, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, Қазығұрт аудандық прокуратурасының прокуроры З.Жорабеков, Қазығұрт аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы С.Әлсейтов, Қақпақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Сәрсенов қатысты.
Сырлысай елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер, А.Джолдыбаев және бір топ тұрғындар Қақпақ ауылдық округінің шекарасына берілген жер учаскесін егістік егуге пайдалануға берілуін сұрануда.
Тұрғындардың сөзіне құлақ асқан жауапты сала мамандары, Қақпақ ауылдық округінің шекарасына берілген 41,2 гектар жерлердің 22,15 гектар жері елді мекен жері , ал қалған 19,05 гектар жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер санатына жататынын түсіндіріп, заң аясында кеңес берді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 10 шілдедегі Үкіметке елді мекен халқының малдарын жайылым жермен толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында жұмысшы топ тарапынан Қазығұрт ауданы аумағындағы жайылым жер учаскелерінің мақсатына сай пайдалануына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару, әрі қарай ауылдық округі әкімі аппаратына ортақ жайылымдық жер ретінде бекітіп беру бағытында жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікір жазу