Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Қазығұрт: «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде

Қазығұрт: «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде

Қазығұрт ауданы көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде, деп жазады аудандық полиция бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Қазығұрт ауданы аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру мақсатында, ағымдағы 2022 жылдың 10 мен 19 қазан аралығында Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлері мен прокуратура бірлесе «Борышкер» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде.Сонымен қатар Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекенінің азаматы мас халде екінші рет көлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексінің 346 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Қазіргі таңда Уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның жазасы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылатындығы көрсетілген.
Қазығұрт аудан тұрғындары масаң халде автокөлік басқармауларыңызды сұраймыз.
Алдағы уақытта іс-шара өз жалғасын табады.

Пікір жазу