Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ДОП ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ДОП ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ

«25 қазан — Республика күні» мерекесіне орай аудан орталығындағы футбол алаңында Қазығұрт ауданы әкімінің жүлдесіне арналған футболдан аудан біріншілігі басталды,  деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Спорттық іс-шараны ашып беру үшін аудан басшылары арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, барша футболшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге жоспарланған біріншілікке ауданымыздың барша ауыл округтерінен 14 команда қатысып, 4 топқа бөлініп, өзара бақ сынайды. Әр топтан бірінші орын алған командалар ақтық сынға жолдама алады. Жеңімпаз болған командалар мен үздік ойыншылар аудан әкімінің алғыс хаты, кубок, медаль және қаржылай сертификаттармен марапатталады.

Пікір жазу