Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

Қазыналы қарттарымызды ардақтап, құрмет көрсету мақсатында Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев 1 қазан — Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қақпақ елді мекенінің тұрғыны, 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген және олардан 38 немере мен 45 шөбере сүйіп отырған 103 жастағы Т.Дусумбаеваны арнайы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, аудан әкімі қазығұрттық барлық қарттарымызға арнайы құттықтауын жолдады.
Онда, «Құрметті ата-әжелер! Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын! Елімізде бұл күні қарттарымыздың өмір бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі. Себебі, әрбіріңіздің еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Қаншама жасты тәрбиелеп, ізбасарлар өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер, ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Біз, Сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз. Ардақты ардагер аталар!
Ақ жаулықты апалар! Қарттары бар ел — бақытты ел, Сіздерді бүгінгі қарттар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Мереке құтты болсын!» -, делінген мерекелік құттықтауда.

Пікір жазу