Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАСТА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАСТА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысымен және тыныс-тіршілігімен танысты.

Бауыржан Салдарұлы ең алдымен Тастұмсық ауылындағы облыстық бюджеттен салынып жатқан фелдьшерлік акушерлік пункте болып, құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.

Мұнан бөлек, ол Азаттық ауылындағы «Майлыкент сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өндеу цехын аралап көрді. Жоба құны 80 млн. теңге болатын серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында тәулігіне 10 мың тонна сүт өңделіп, майсыз сүттен бастап құрт, айран, май, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындалады. Еліміздің бірқатар облыстарына тарайтын цех өнімдеріне облыс әкімінің орынбасары жоғары баға берді.

Өзінің Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Бауыржан Жамалов Майлыкент ауылдық округіндегі әлеуметтік дүкен мен аудандық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде болды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу