Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЛАНКЕСТІКТЕН ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

САЙРАМ: ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЛАНКЕСТІКТЕН ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы білім беру, мәдениет және спорт, сауда және әлеуметтік нысандардың басшыларымен террористік тұрғыдан осал объектілердің ланкестіктен қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, облыстық жұмысшы топпен семинар мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Семинар мәжіліске Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мұстафа Ерлан Сайыпназарұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел уәкілі Олжабек Еламан Дүйсенбекұлы, Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының уәкілі Жақсылық Алмас Әбдіманапұлы, Түркістан облысының Полиция департаментінің жедел уәкілдері Назарбаев Өсербай Көшербаевич және Тәнірбергенов Мақсат Ордабайұлы қатысты.
Семинар мәжіліс аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының төрағалығымен өтті.
Мәжіліс барысында қатысушыларға әлеуметтік нысандарға қойылатын талаптар мен заңнамаларға енгізілген өзгерітулер кеңінен түсіндіріліп, жұмысшы топ өкілдері тарапынан мекеме басшылары қойған сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.

Пікір жазу